Павлодар облысының полицейлері эстафеталық жарысқа қатысты

Олар 7, 2 км қашықтықтағы ауқымды марафондық жарыста өз қабілеттерін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары «Батырларға тағзым. Ескерткіштен ескерткішке», эстафеталық жарысына қатысты. Шараның мақсаты – батырларға құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығы арқылы қазақстандық патриотизм рухын нығайту.
Жарыс Малайсары батыр ескерткіші-Қаныш Қамзиннің бюстінен басталып, қатысушылар Даңқ ескерткішіне дейін мәреге жетті. Жарыс эстафета түрінде өтті, ҚР Мемлекеттік Туы мен Жеңістің 80 жылдығының ресми логотипі бар жалау тапсырылды. Қатысушылар патриоттық Жеңіс лентасымен жүгірді.
– Өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу менің міндетім деп санаймын. Дені сау, күш-қуаты мол адам ғана рухы мықты болады және болашақта өз елінің өркендеуі үшін жұмыс істей алады, – дейді Адай Берекетов.
Салауатты өмір салты - полицияның күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі. Физикалық сау, сыртқы келбеті мықты полицейлер қылмысты кәсіби және шебер ашып қана қоймай, қылмыстың алдын алады.
Бүгінгі таңда Павлодар полициясының жеке құрамы арасында кәсіби спортшылар жеткілікті, олардың жетістіктері халықаралық деңгейде байқалып, оң баға алуа.