Павлодарда майдангерлер туралы кітап жарыққа шықты
№ 41 мектепте «Ұлы іскерден естелік....» - «Листая памяти страницы…» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, бұл еңбекті Ұстаздар күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподақтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбира Сейітованың қолдауымен педагогикалық еңбек ардагерлерінің арасынан шыққан бастамашыл топ шығарған. Кітап ҰОС майдандарында соғысқан және тылда Жеңіске жеткен қала мектептерінің мұғалімдеріне, басшылары мен түлектеріне арналған.
Кітапқа газет очерктері, қысқаша өмірбаяндық анықтамалар, іздеу жүйесінің құжаттары, майдангерлердің фотосуреттері, олардың замандастары мен ұрпақтарының зұлмат соғыс уақыты туралы естеліктері кірді.
– Бұл кітап – адамның жарасын емдейтін құрал және оның бейбітшілікті сақтауға, еліміздің өркендеуіне үлесі зор екеніне сенімдімін, – деді белгілі журналист Юрий Поминов.
Салтанатты тұсаукесерге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин, Павлодар қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподақтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбира Сейітова, қаланың білім беру мекемелерінің ардагерлер ұйымдарының төрағалары, мектептердің әскери алғашқы даярлық басшылары қатысты. Сонымен қатар кітаптың авторлары мен құрастырушылары, қала мектептерінің ардагерлері В. В. Слывоцкая, В. А. Бехтольд, З. В. Засько, Б. Б. Исмағұлова, С. Ж. Мұратова, Л. С. Смирнова, Л. П. Шопинская шақырылды.
Ардагерлер үшін бүгінгі таңда жастардың аталарының батылдығы мен ерліктерін білуі және есте сақтауы өте маңызды.
Салтанатты іс-шарада мектеп оқушылары майдан өмірінен көріністер ұсынды. Жергілікті педагогтар мен ақындардың естелік кітабына енгізілген өлеңдері оқылды.