Павлодар облысында осы апта жылы болады
Боран соғып, қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 ақпанда сынап бағанасы 0...-5°С-ты көрсетеді.
6 ақпанда облыстың солтүстігінде аздап қар жауып, боранды болады. Түнде -5...-10°С, ал күндіз 0...-5°С-қа дейін жылынады.
7 ақпанда бұрқасын күтіледі. Ауа райы түнде -5...-10°С, ал күндіз -3...+2°С болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 15-20 метрге, кей жерлерде екпіні 23 метрге дейін жетеді.
8 ақпан күні сынап бағанасы түнде де, күндіз де -2...-7° С-ты көрсетеді.
9 ақпанда жаңбыр аралас қар жауып, боранды болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -2...-7°С, ал күндіз -2...+3°С-қа дейін жылынады.
Сенбіде бұрқасын болады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де -3...+2°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде аздап қар жауады. Түнде -13...-18°С-қа дейін суытады, ал күндіз -8...-13°С болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін соғады.