Павлодарлық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысына өз мәселелерін айта алады

Павлодарлық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысына өз мәселелерін айта алады

"Бизнеске жол" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында жеке қабылдау өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы М.Амралинов кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелер бойынша жеке қабылдауын өткізеді. 

- Іс-шара 27 шілде күні сағат 15.00-ден бастап Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 3-қабат, 316-кабинетте  яғни "Атамекен" ӨКП конференц-залында өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бизнестің өзара іс-қимылының осындай форматтағы кездесуі енді ай сайын өткізілетін болады, - делінген хабарламада.

Жеке қабылдауға 87713566677, 87002946385 телефондары бойынша жазылуға болады.