Павлодар облысында осы аптада ауа райы құбылмалы болады

Қар аралас жаңбыр жауады, бірақ кейбір күндері жауын-шашын мүлдем күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 7 қазанда солтүстік пен шығыста жауын-шашын сақталады, ал батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Түнгі температура 0...+5°C, батыста -3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +3...+8°C. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей аймақтарда секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
8–9 қазан күндері жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -7°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз +3...+8°C шамасында. Жел – солтүстік-шығыстан және батыстан секундына 9–14 метрге дейін жетеді.
10 қазанда солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...+5°C, ал батыста -3°C, күндіз +4...+9°C-ты көрсетеді.
Демалыс күндері облыс бойынша күн ашық болады. Түнде ауа температурасы 0...+5°C болса, күндіз ауа райы жылынып, +9...+14°C-қа дейін көтеріледі.