Павлодар облысында SARS-COV2 вирусы айналымын жалғастыруда
Бұл – қауіпті инфекциялық COVID-19 ауруын тудыратын вирус, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында пневмониямен ауыратын науқаста нуклеин қышқылын сынау арқылы анықталды. Вирус адамнан-адамға таралуы арқылы жұғады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы эпидемиологиялық ахуалмен бөлісті.
2024 және 2025 жылғы эпидемиологиялық маусымның басынан бері облыста ЖРВИ-дің 131 861 жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ жағдайларының саны – 84 291, оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар арасында – 4520. Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ жағдайларының саны – 270. ЖРВИ-мен 1558 адам ауруханаға жатқызылды.
А тұмауының 54 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 16, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында – екі, ересектер арасында – 36, оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 15 жағдай.
Павлодар облысының аумағындағы вирусологиялық зертханалардың ПТР әдісімен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша тұмау вирусының 1033 үлгісінен 54-сі оң нәтижелі болып шықты.
Басқа тұмау емес вирустарға 1033 үлгі зерттелді, олардың 91-і оң нәтиже берді.
2024 жылдың 12 айында коронавирустың 123 жағдайы тіркелді. SARS-COV2 вирусы айналымын жалғастыруда. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бастап COVID-19 үшін зерттелген 1033 үлгінің 61-і оң нәтиже берді.
Тұмауға қарсы иммундау бойынша 92 772 адам немесе облыс халқының 12,28% егілді.
ЖРВИ, тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық қызметкерді үйге шақыру керек. Жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін қолды сабынмен жиі жуу қажет. Бөлмелерді жиі желдету ұсынылады.