Павлодар облысында сауда саласында тексерулер екі есе артты
Департаментпен 223 тексеру жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Даулен Кабдушев мәлімдеді.
– 2023 жылы ұқсас кезеңіндегі 103 тексеру жүргізілді. Ағымдағы жылы – 223 тексеру. 105 жоспардан тыс тексеру сауда саласында және осы тексерулердің нәтижелері бойынша сауда үстемесінің асып кетуі, тауар бағасының дұрыс ресімделмеуі және нарықтардың жұмыс регламентіндегі талаптарды сақтамау сияқты бұзушылықтар үшін 81 ескерту және 15 айыппұл салынды, – дейді спикер.
Сауда қызметін реттеу саласында 27 бұзушылықты анықтаған жоспарлы тексерулер жүргізілді, оларға қатысты ұйғарымдар берілді.
Мемлекеттік органдардың материалдары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің 45 (204-4-бабы бойынша) ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, төрт айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 11 айында департамент келіп түскен 1469 өтінішті қарады, бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға артық (923 өтініш).
Бұл өсім тұтынушылардың құқықтық мәдениетінің артуымен және БАҚ, акциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар арқылы департаменттің белсенді түсіндіру жұмыстарымен байланысты.
Өтініштердің жалпы санынан негізгі саны бөлшек сауда (48,5%), электрондық сауда (18%) және тұрмыстық қызметтер (18,4%) мәселелері бойынша келіп түсті.
Сондай-ақ, «Сапалы өнім» жобасы аясында 75 сатып алу тіркелді, бұзылған өнімнің 56 түрі анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.