Екібастұзда алып мұздық пайда болды (ВИДЕО)
Оған құбырдан судың атқылауы себеп болған. Бүгінде апат жойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстандық тілші Асхат Ниязов Екібастұзға бара жатқан жолда ғажайып көріністің куәсі болды. Ол алып мұздықты көріп, оның бейнесін түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне салған. Кейінннен ол бірқатар парақшаларда таралып кетті.
– Ғажап. Бұл мұздық Екібастұз апатынан кейін пайда болғанын түсінемін. Қанша су төгілгенін тек елестетуге болады. Бұл мұздық жақын арада ери бастайды. Қазірдің өзінде де қауіпті. Егер оны көрсеңіздер, ішіне кірмеңіздер, – деп жазды Асхат Ниязов.
«Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, видеоға түсіп қалған орын Майқайың кентіне су беретін құбыр учаскесінде болған. Бұған дейін аталған жерде апат орын алған.
– Құбыр 1996 жылдан бастап қолданысқа берілген. Диаметрі – 1020 милиметр. Зақым жойылғаннан кейін, мұз пайда болды. Кентті сумен жабдықтау тоқтатылған жоқ,– деді мекемеде.
Кәсіпорын наурызда құбырды қайта жаңарту жобасын жүзеге асыра бастайды. Жоспар бойынша 20 километр құбыр ауыстырылады. Мердігер – «Алматыинжкомстрой» ЖШС.
Посмотреть эту публикацию в Instagram