Павлодар облысында сайлаушыларға арналған Call-орталық жұмыс істейді
Осы арқылы аймақ тұрғындары өздерінің мәртебесін тексере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе WhatsApp мессенджеріне 8-747-7-901-109 нөмеріне хабарлама жіберу арқылы тексере аласыз.