Павлодар ауданында бала саны артуда
Бұл туралы Новоямышево ауылының мәдениет үйінде облыс әкімінің аудан тұрғындарымен өтіп жатқан кездесуде айтылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
– Павлодар ауданында балалар саны артып келеді. Сондықтан Бірлік ауылында жаңа мектептің құрылысын бастау қажеттілігі бар. Бүгінгі таңда Заря ауылынан 145 бала тасымалданады. Сондай-ақ Мичурино ауылында 140 орынға арналған балабақшаның құрылысына қолдау көрсетуді сұраймыз. Қазіргі таңда балабақша 75 баланы қамти алады. Ал 1-5 жас аралығындағы балғындардың саны – 170. Осылайша, ауылдағы орта мектепте орын тапшылығы мәселесі шешімін табады, – деді Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко.
Сондай-ақ аудан әкімі Кемеңгер ауылында аудандық мәдениет үйінде Павлодар облысының музейі құрылатынын атап өтті.
– Клуб мекемелері музыкалық жабдықтар жиынтығымен, сахналық костюмдермен, домбыралармен қамтамасыз етіледі. Кемеңгер ауылында 1237 оқушы білім алатын балалар өнер мектебі жұмыс істейді. Мамандарды тарту және білім алушылар санын арттыру үшін жергілікті әкімдік орналасқан мектептің үшінші және төртінші қабаттарын босату қажет. Келесі жылы аудандық бюджет есебінен әкімшілік ғимараттың құрылысын қарастыратын едік. Бұл өнер мектебінің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Николай Дычко.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі әкімі Асайын Байханов Новоямышево ауылының мәдениет үйінде Павлодар ауданы тұрғындарымен өтіп жатқан кездесуде ауданның ауыл шаруашылығы бойынша әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, ауданды облыстың басты азық-түлік белдеуі ету туралы айтқан болатын.