Павлодарда көктайғақта жарақат алғандар саны артты

Павлодарда көктайғақта жарақат алғандар саны артты
Фото: Константин Шелков

Барлық зардап шеккендерге толық көлемде көмек көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Наталья Арсланованың айтуынша, 24 ақпанда  №1 қалалық аурухананың  жарақат бөліміне 50 адам жүгінген. 

– Салыстырмалы түрде алатын болсақ,  дүйсенбіден бейсенбіге дейін 51 адам жүгінген.  Олардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылмады, – деді Наталья Арсланова.

Көктайғақта зардап шеккендердің басым бөлігінің қолдары шығып кеткен және сынған. Барлығына толық көлемде көмек көрсетілген соң  амбулаторлық емге жіберілді.  

Еске сала кетейік,  24 ақпанда Павлодар облысында көктайғақ  болатыны, таңертең және күндіз қар түрінде жауын-шашын жауатыны туралы ескертілген болатын.