Екібастұздық полицейлер қалың түтінге оранған үйден екі баланы алып шықты

Екібастұздық полицейлер қалың түтінге оранған үйден екі баланы алып шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Солнечный кентінің ГРЭС-2 полиция бөлімінің кезекші бөліміне Конституция даңғылы, 3 үйдің жаныда тұрған тұрмыстық қоқыстар қоймасынан түтін шығып, жанып жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.

Тұрғын үй полиция бөлімінің жанында болғандықтан, өрт сөндірушілерді шақырып, бір секундқа да ойланбастан, полиция қызметкерлері Ерболат Сыздықов, Нариман Жетпісбаев және Жәдігер Рахатұлы үйге дереу жетіп, түтінге оранған үйден жүгіріп шыққан адамдарды көрді. Терезелер мен есіктерден қалың түтін шығып,бүкіл подъезд ішін түтінге толтырды.

Өрт сөндіру қызметін күтпестен тәртіп сақшылары адамдарды үйден өз бетінше шығара бастады. Осы уақытта өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келді. Полиция қызметкерлері мен келген өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тез сөндірілді. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

–  Сол жерге келіп, әріптестеріммен бірге екі баланы қолымызға алып, үш тұрғынға шығуға көмектестік. Содан кейін  барлық пәтерлерді тағы бірнеше рет тексеріп, басқа ешкім жоқ екеніне көз жеткіздік. Біздің ата-аналарымыз бар және балаларымыз өсуде. Егер бұндай жағдайға біз тап болсақ, бізге де көмектесетініне сенімдіміз, – дейді Ерболат Сыздықов.

Өз кезегінде полицейлер өздерін ерлікпен әрекет жасадық деп санамайды, тек күнделікті жұмысын және қызметтік міндеттерін орындадық деп ойлайды.