Павлодар облысында Шідертіге дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды

Павлодар облысында Шідертіге дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол келесі күнге дейін жабық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 7 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.