Павлодар облысында трасса маңындағы дәмхана отқа оранды
Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 желтоқсанда сағат 10:03-те «Павлодар-Астана» трассасында орналасқан дәмханалардың бірінде 40 шаршы метр алаңда өрт шықты.
Ықтимал жарылыстың алдын алу мақсатында өрттен әрқайсысының көлемі 50 литр болатын 13 газ баллоны шығарылды.
Өрт сөндірушілер 46 минут ішінде тілсіз жауды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.