Павлодарда тұрғын үйлердің бірінде балкон өртенді
Өрт сөндірушілермен жетінші қабаттан ана мен 2020 жылы туған бала құтқарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15:56 минутта «101» пультіне Павлодар қаласы Бекхожин көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатында балконның жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері сегізінші қабатта төрт шаршы метр алаңында үй заттары мен жихаздың жанып жатқандығын анықтады.
Өрт сағат 16:18-да толықтай жойылды. ТЖД жеке құрамының 36 адамы мен 10 бірлік техникасы, ЖҚЖ, АМО жұмылдырылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.