Павлодарда автокөлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті

Павлодарда автокөлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаяу жүргінші медициналық көмекке жүгінді, көлік тұраққа қойылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 21:30 шамасында Академик Шөкин көшесімен №100 үйдің алдында келе жатқан «ВАЗ 21114» автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 2005 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптама тағайындалды.