25 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін

25 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күн бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде оңтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9-14 м/с соғады, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Павлодар қаласында ауа райы құбылмалы болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C болады.