14 ақпанда Павлодар облысында аяз болады
Сынап бағанасы түнде 25-27, күндіз 15-17 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.
Оңтүстіктен жел соғады, күші секундына 5-10 метрді құрайды.
Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын шашынсыз.
Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.