Екібастұзда он жаңа лифт орнатылады
![Екібастұзда он жаңа лифт орнатылады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202409/image_750x_66ea8a0c6e002.jpg)
Бұл жұмыстарды Астанадан келген мердігер компаниясы жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің тапсырмасымен тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік жаңғырту бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлердегі ескірген лифттерді ауыстыру жұмыстарын бастады. Жоспар бойынша он лифт жаңартылуы керек.
– Тұрғын емес пәтерлердің иелері ескірген лифтілерге өндірістік тексеру жүргізе бастады. Сәтбаев көшесі, 3 және Беркімбаев көшесі, 104/2 көшелеріндегі үйлерді тексеру аяқталды. Тұрғындармен жасалған келісімшарт бойынша жұмыстарды Астана қаласының мердігер ұйымының мамандары жүргізді, – деді тұрғын үй инспекциясында.
Ендігі кезекте тұрғындар «Офис сервис» ЖШС операторымен келісімшартқа отыруы тиіс.
Жақын арада заманауи лифттер Сәтбаев көшесі, 3; Сәтбаев көшесі, 12, 3 корпус (4 кіреберіс); М.Жүсіп көшесі,58/1 (1,3 кіреберіс); М.Жүсіп көшесі, 64Б; Беркімбаев көшесі, 104/2 мекенжайларында пайда болады.