Павлодар облысында желтоқсанның соңғы күндері жылы болады

Павлодар облысында желтоқсанның соңғы күндері жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы аптада ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 30 желтоқсанда түнде батыс пен солтүстікте қар, боран, көктайғақ, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Сынап бағанасы түнде -5…-10°С, шығыста -15°С, күндіз -3…+2°С-ты көрсетеді. 

31 желтоқсанда түнде қар, боран, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман болады. Ауа температурасы түнде 0…-5°С, шығыста -8°С, күндіз -3…+2°С-қа дейін жылынады. 

1 қаңтарда түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ күтіледі. Тұман болуы ықтимал. Сынап бағанасы түнде 0…-5°С, шығыста -8°С, күндіз 0…-5°С-ты көрсетеді. 

2 қаңтар жауын-шашынсыз болады. Солтүстік пен шығыста тұман. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-5°С-қа дейін төмендейді. 

3 қаңтарда батыс пен солтүстікте қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ күтіледі. Тұман байқалады. Ауа температурасы түнде -3…-8°С, күндіз 0…-5°С болады.

4 қаңтарда түнде жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ. Сынап бағанасы түнде -2…-7°С, күндіз -3…-8°С-ты көрсетеді.