Ертіс мектебінің жанында өлкетанушының құрметіне аллея ашылды
Аллеяға көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында № 3 Ертіс орта білім беру мектебінің аумағында жазушы, өлкетанушы, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Мүбарак Жаманбалиновке арналған аллеяның салтанатты ашылуы өтті.
Аллеяның ресми ашылуына жазушының ұлы қатысты. Ол лентаны кесіп, алғашқы көшетті отырғызды.
Салтанатты рәсімде оқушылар өнер көрсетті, атап айтқанда Мүбарак Жаманбалиновтың шығармаларын оқыды.
– Мектеп жанындағы аллеяның ашылуы біздің қоршаған ортаға қамқорлық жасауға және қоғамдағы өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылысымыздың белгісіне айналды. Бұл жоба оқушыларымызды табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шабыттандырады деп сенеміз, – деді мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Азат Бусурманов.
Директор орынбасарының айтуынша, аллея мектептің сәні ғана емес, сонымен қатар оқушылар ашық ауада уақыт өткізетін, табиғаттан ләззат алатын және оның сұлулығын бағалауды үйренетін орынға айналмақ.