Павлодар депутаттары кәсіпорындарда неліктен көшпелі отырыстар өткізеді?

Павлодар депутаттары кәсіпорындарда неліктен көшпелі отырыстар өткізеді?
Фото: Раушан Даумова ұсынды

Халық қалаулыларының бірнеше міндеті бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның екі жүзден астам қызметкері «Еңбек» депутаттық тобымен кездесті. Аталмыш отырыстар «KSP Steel» ЖШС, «Кастинг», «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауытында өтті.

Облыстық мәслихат депутаты Раушан Даумованың айтуынша, халық қалаулыларының міндеттерін еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуын тексеру қамтиды. «Еңбек» тобы зауыттармен кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаменті, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы өкілдерін шақырады. Олар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлемдер алу тәртібі туралы толық ақпарат береді. 

«Еңбек» депутаттық тобы қазақстандық электролиз зауытының қызметкерлерімен кездесуде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда қызмет істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды талқылады.

– Депутаттар олардың сұрақтарына жауап бере отырып, арнайы әлеуметтік төлем жасаған қызметкерлердің мүдделерін ескеру үшін зауыт басшылығына және кәсіподақ комитетіне ұсыныс жасады,  – деп атап өтті Раушан Даумова. – Оларға зауыттың өміріне, оның мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік беру аса маңызды. Себебі, бұл зауыт ұжымымен байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық мәслихат Жас саясаткерлер клубын ашуды жоспарлап отыр. Жоба халық қалаулыларының жұмысын жаңғырту кезеңдерінің біріне айналады.