Павлодар облысында жер даулары бойынша талап-арыздар тоқтатылады

Павлодар облысында жер даулары бойынша талап-арыздар тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жер пайдалану мәселелері «Атамекен» алаңында талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында фронт-кеңсе отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Айгерім Қабылтаева өз Instagram парақшасында кездесудің тақырыбы Мемлекет басшысының жерді ұтымды және ұқыпты пайдалану жөніндегі тапсырмасы болғанын айтты. Оның ішінде өңірлік деңгейде қызметі адал меншік иелері мен фермерлік немесе шаруашылық жүргізуге арналған жер учаскелерінің жер пайдаланушыларын анықтауға бағытталатыны арнайы жер комиссиясын құру талқыланды.

– Отырыс барысында жер қатынастары басқармасы мен қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына аталған комиссияда жер учаскелерін адал пайдалану мәселесін шешуді талап ететін жер пайдаланушылардың тізімін құру тапсырылды, – деп жазды Айгерім Қабылтаева.

Сонымен қатар, ол облыстың жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы жерлерін беру туралы заңсыз шешімдердің күшін жою жөніндегі талап арыздарды тоқтату және қайтару жұмыстарын жүргізетінін, сондай-ақ арнайы жер комиссиясы құрылғанға дейін жаңа талап арыздарды прокуратура органдарымен келісетінін атап өтті.