Ақсулық кәсіпорын қызметкерлеріне қаржылық сауаттылықты үйретті
Іс-шарада қаржы пирамидаларының негізгі түрлері мен белгілері көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «ЕЭК» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Департамент азаматтарды қаржы пирамидалары, құмар ойындар және басқа да алаяқтық қызмет түрлеріне тартуға жол бермеуге бағытталған жүйелі алдын алу жұмысын жалғастыруда. Басқарма басшысы Серік Муслимов Ақсу қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «ЕЭК» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
– Кездесу барысында слайдтарда қаржы пирамидаларының негізгі түрлері мен белгілері көрсетіліп, лудомания туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, азаматтар экономикалық қылмыстарға тап болған жағдайда жүгінуге болатын «АФМ-insider» Telegram-боты туралы ақпарат жеткізілді. Іс-шараға 90-нан астам адам қатысты, – делінген хабарламада.
Ведомство қаржы құқық бұзушылықтарының барлық жағдайлары туралы облыстық Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне +7(7182)61-33-05 телефоны немесе республикалық Call center 1458 арқылы хабарласуды сұрайды.