Павлодарда дін қызметкерлері тоқсан сайын бір-біріне қонаққа барады

Павлодарда дін қызметкерлері тоқсан сайын бір-біріне қонаққа барады
Фото: Мақсат Көлтайұлы

Олар спорттық шараларды да ұмыт қалдырмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Достық үйінде» Рухани келісім күні қарсаңында діни бірлестіктердің төрағалары бас қосты. Аталмыш мереке 30 жыл қатарынан аталып өтілуде.  

– Бұл мереке тек осындай кездесулермен шектелмейді. Дін өкілдері арасында басқа да әртүрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, біз бірге жиналып, кезекпен бір-біріміздің діни мекемелерімізге барып, тарихымен, дәстүрімен танысамыз. Одан бөлек спорттық шаралар да ұйымдастырылады, – дейді облыстың бас имамы Жолдас Бертімұратов.

Облыста 13 конфессияны қамтитын 166 діни бірлестік тіркелген. Сондай-ақ 108 мешіт, 25 православие, 21 протестанттық және сегіз католик шіркеуі бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін имамдар арасында қазақ күресінен облыстық чемпионат өткен. Жарыста жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды иеленген Ертіс ауданының Сілеті ауылындағы Амангелді қажы мешітінің имамы Дәлат Баязитов «Имам барысы» аталымына ие болды.