Павлодар облысында жылыту маусымы қалыпты режимде өтуде

Биыл жылыту 10 қыркүйектен бастап берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңесте онлайн-режимде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов өңірдің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндама жасады.
Облыс қалаларында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қосу жұмыстары жалғасуда. Күзгі гидравликалық сынақтар барысында 295 ақау анықталып, олардың барлығы жедел түрде жойылды.
– Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр, облыстағы жылыту маусымы қалыпты режимде өтуде, – деп атап өтті Серік Батырғожинов.
Бүгінгі күні 394 қазандық, 566 мектеп пен балабақша, сондай-ақ 305 медициналық мекеме толық дайын. Халық пен әлеуметтік нысандар үшін 397 мың тонна көмір жеткізілді – бұл қажетті көлемнің 62 пайызын құрайды.