Екібастұзда бөтелкелерді балмұздаққа айырбастауға болады

Екібастұзда бөтелкелерді балмұздаққа айырбастауға болады
Фото: Константин Шелков

Қалада «ECO DAY» экологиялық науқаны ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, «Уақ» сауда үйі алаңында 20 тамыз күні сағат  18:00-де «ECO DAY» экологиялық науқаны өтеді. Науқанды ұйымдастырушылар – «AMANAT» партиясының Екібастұз қаласындағы филиалы мен «Jana Jastar» еріктілер жасағы.

Сонымен қатар, акция аясында «Таза сана» подкаст алаңы мен «Таза Екібастұз» инсталляциясы ұйымдастырылады.       

Аталмыш акция барысында тұрғындар 10 пластикалық бөтелкені бір балмұздаққа айырбастай алады.