Павлодар облысында жол-көлік апатында 20 адам көз жұмды

Павлодар облысында жол-көлік апатында 20 адам көз жұмды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бес ай ішінде 335 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жол-көлік апаты салдарынан 20 адам қаза тауып, 404 адам жарақат алды. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 123 ЖКО тіркелді.

Сондай-ақ, 49 770 жол жүру ережесінің бұзылуы тіркелді, оларға 741 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Ал 15 160 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған.

Павлодарлық полицейлер жүргізушілерден заңнаманың талаптарын білуді және қатаң сақтауды сұрайды.