Павлодарлық оқушылар «64» дойбы бойынша республикалық сайыста топ жарды

Павлодарлық оқушылар «64» дойбы бойынша республикалық сайыста топ жарды
Фото: білім басқармасынан

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 80 спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, дода Шымкент қаласында өтті.

26 сәуір – 6 мамыр аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы спорт сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «64» дойбыдан республикалық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстанның 13 облысынан 80 спортшы қатысты, - делінген хабарламада.

Павлодар облысы құрамасының қатарында №7 арнайы мектеп-интернатының оқушылары Айсара Муритова мен Санжар Төлеухан болды. Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық қос оқушыға тең келетін ешкім болмады. Екеуі де алтыннан алқа тағып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Айсара Муритова мен  Санжар Төлеухан «Рапид» және классикалық ойында 1-орынды жеңіп алып, қос-қостан алтыннан алқа тақты.