Павлодар облысында жоғалып кеткен жұмысшылар табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен жұмысшылар табылды
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Олар қалың тұман салдарынан бағытынан жаңылысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

112 пультіне ЖШС-нің бірінің қызметкерлері жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олар 28 наурыз күні сағат 15:00 шамасында Ақшиман ауылдық округінің дала аймағына жолға шығып, содан кейін байланыс орнатпаған. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүргізілген бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 29 наурыз күні жоғалғандар «Ақшоқы» шалғай нүктесі ауданынан табылды.

- Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады. Анықталғандай, көлік батпаққа батып қалып, қою тұман салдарынан ер адамдар бағдардан жаңылысқан. Таңға жуық олардың екеуі электр желілерінің бағытымен жүріп, Малайсары–Ақшиман жолына шығып, оқиға туралы хабар берген, - делінген хабарламада.

Ал қалған екі адам көлікте қалып, көмек күткен. Олар жолдан 16 шақырым алыс жерде болған.