Павлодар облысының трассасында жантүршігерлік көлік апатында екі жүргізуші көз жұмды

Тірі қалған бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
– 13 тамызда Белов-Қалқаман автожолындағы Сольветка ауылының маңында Тойота Ипсум және Тойота Камри маркалы екі автокөліктің соқтығысуы орын алды. Апат салдарынан екі жүргізуші де сол жерде қайтыс болды, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деді департаментте.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.