«VITA» еріктілер жасағының жетекшісі павлодарлықтардан көмек сұрауда

«VITA» еріктілер жасағының жетекшісі павлодарлықтардан көмек сұрауда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ұлын шетелге екі оңалтуға апару үшін қаражат жинауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, Егор 5 жаста болса да, даму жағынан 8 айлық баланың деңгейінде қалып қойған. 

Баланың диагнозы: атипиялық аутизмнің ауыр түрі, яғни ол сөйлей алмайды және ешкімді түсінбейді.

Қамқор адамдардың арқасында үш ай бұрын біз Санкт-Петербургте екі рет оңалтудан өттік, бірақ тағы бірнеше рет баруымыз керек. Оған қыруар қаржы керек, ұлымды жалғыз бағып жатырмын. Сондықтан қайырымды жандардан көмек сұрап, жинақ өткіземін, – деп өтінді жалғызбасты ана.

Оңалтуға қажетті сома – 2 миллион 500 мың теңге, қазіргі таңда 990 мың теңге жиналды.

Реквизиттер: 

  • «Kaspi Gold» картасы – 4400 4302 2590 6962;
  • «Kaspi» және «Halyk» банкке қосылған нөмір – +7(747)615-55-63;
  • ресейлік карта – 2200 7010 6577 8083.