Жарылғыш зат: Павлодарда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

Жарылғыш зат: Павлодарда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат тексерілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның баспасөз мәліметінше, 3 наурыз кешкі 18:02-де «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция күштерімен адамдарды эвакуациялау жүргізілуде. 

Оқиға орында ТЖД-ның 17 адамы мен 3 техникасы, 102, 103 қызметтері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және апаттар медицина бригадасы бар.