Павлодарда көше музыканттары арасында байқау өтеді
Өтінімдер 20 шілдеге дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда ERTIS Creative жобасы аясында көше музыканттарына арналған ERTIS Sound байқауы басталады.
Байқауға Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 14 жастан асқан көше музыканттары қатыса алады.
Өтінімдер 10-20 шілде аралығында қабылданады. Байқау қалалық жағалаудағы шағын сахнада өтіп, қатысушылар бірнеше номинация бойынша өнер көрсетеді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қала күні қарсаңында қалалық жағалауда ұйымдастырылады.
Байқауға тіркелу үшін @smk_kaz парақшасындағы сілтеме арқылы өтінім беруге болады. Қосымша ақпарат +7 777 625 42 38 WhatsApp нөмірі арқылы ұсынылады.