Асайын Байханов кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Асайын Байханов кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Автор: Валерий Бугаев

Екібастұзда кеншілер күні атап өтілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Екібастұздық кеншілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көмір өнеркәсібінің даму тарихы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан еңбек дәстүрлерін сақтаған мыңдаған екібастұздық отбасыларды біріктіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еңбек адамы ерекше құрметке ие болуы тиіс екенін үнемі атап өтеді. Күн сайын сіздер шыдамдылық пен батылдық танытып, еліміздің және оның болашағының игілігі үшін адал еңбек етудесіздер. Сол үшін сіздерге зор алғысымды білдіремін, – дейді өңір басшысы.

Өңірдің көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар кеншілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына - «Құрмет» орденіне, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне, «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Сондай-ақ, өңір басшысының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.


Мерекелік іс-шара қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертпен жалғасты.