Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы Аққулы ауданы Көкжал орманшылығындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы оқшауланды.
Өртті сөндіру жұмыстарына «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күштері мен құралдары, ТЖМ бөлімшелері, сондай-ақ орман шаруашылығының әуе кемесі және ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ жалпы көлемі 12 тонна суды 4 рет әуеден шашты.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт ошағын күзету жұмыстары жүргізілуде. Аумақты бақылауды «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері жүзеге асыруда. Зардап шеккендер жоқ.