Павлодар облысында жеткізушінің құқығы қорғалып, қарыз өтелді

Павлодар облысында жеткізушінің құқығы қорғалып, қарыз өтелді
Фото: pexels.com / ELEVATE

Тапсырыс беруші мекеме палата араласқаннан кейін ғана төлем жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті «Контакт» ЖШС жеткізушісінің мүддесін қорғап, тапсырыс берушіден екі айға жуық төленбей келген қарызды қайтаруға көмектесті.

Компания 25 ақпан күні «ҚазСуШар» РМК «Қаныш Сәтбаев атындағы Канал» филиалымен фланецті қосылыстарға арналған шпилькаларды жеткізу туралы шарт жасасқан. Жеткізуші міндеттемесін толық орындап, 18 наурызда тауарды тапсырып, актіге қол қойылған. Алайда тапсырыс беруші тек палата араласқаннан кейін ғана – екі ай өткен соң есеп айырысқан.

Палата өкілдері сотқа жеткізбей бейбіт реттеу жолын ұсынып, нәтижесінде 2,1 млн теңгеден астам сома мен тұрақсыздық айыбы өтелді. «Атамекен» директоры Ерқанат Әбеновтың айтуынша, кәсіпкерлік құқықтарын қорғау – қолайлы бизнес-ахуалдың негізі.