Аяғын пойыз басқан: Павлодарда темір жолдағы оқиғаны тағы бір басқарма тексеруде

Аяғын пойыз басқан: Павлодарда темір жолдағы оқиғаны тағы бір басқарма тексеруде

Ер адам әлі күнге дейін ауруханада жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиғаға қатысты тергеу материалдары өңірлік еңбек басқармасында тергеліп жатыр.

  

– Біз тергеуді бастадық, бұйрық шығардық, – деді басқарма басшысы Асқар Қапанов. – Заң бойынша тергеу 10 жұмыс күні ішінде қаралады, бірақ бұл іс ұзаққа созылуы мүмкін. Тергеу барысында әртүрлі сараптамалар талап етіледі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен ер адам есін білетінін айтады. Дегенмен  жағдайы әлі  ауыр деп бағаланады. Бірнеше ота жасалған, қазір тиісті ем алуда. 

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда сағат 10:54-те  Успен көпірі маңындағы теміржолда 58 жастағы реттеуші болып жұмыс істейтін ер адамның аяғын пойыз басып  кеткен. Зардап шеккен адам  көптеген жарақаттар, аяқтың травматикалық ампутациясы және екінші дәрежелі аралас шокпен №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұдан бөлек, тергеу ісімен ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті де айналысып жатыр.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті