Павлодар облысының үздік боксшылары анықталды

Павлодар облысының үздік боксшылары анықталды
Фото: Павлодар облысының бокс федерациясы

Чемпионат 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған спорттық шараға өңірдің 158 боксшысы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының чемпиондары атағына келесі спортшылар ие болды: 40 келі салмақ дәрежесінде Алишер Саттыбаев, 42 келі – Арслан Смағұлов, 44 келі – Уәлихан Рамазан, 46 келі – Кәрім Құсманов, 48 келі – Бақкелді Нұрбике, 50 келі – Ильяс Сүлейменов, 52 келі – Сағынов Ринат, 54 келі – Арнұр Ермұрат, 57 келі – Мәнсүр Дәуітбай, 60 келі – Саят Қаратаев, 63 келі – Арсен Құрмет, 66 келі – Арнұр Киреев, 70 келі – Асылжан Мақсатұлы, 75 келі – Дастан Төлегенов, 80 келі – Матвей Хлынов, 80+ келі – Ансар Құсман.