23 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -3...+2°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік және орталық аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Күндіз ауа температурасы +6...+11°C, облыстың солтүстігінде +3°C шамасында болады. Жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде түседі. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0...-2°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз +7...+9°C-қа дейін жылынады. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, тұман түседі.