Павлодар облысының мобилографтары арасында байқау жарияланды

Павлодар облысының мобилографтары арасында байқау жарияланды
Фото: tyumen.bonodono.ru

Видеоларды телефонмен де, дронмен де түсіруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш байқау қатысушылары Қазақстанның мәдени мұрасына, табиғи көрікті жерлеріне немесе қазіргі өміріне арналған «Ұлы дала елі» тақырыбында бейнеролик түсіру қажет. 

Бейнероликтерді мобильді құрылғылармен де, дрондармен де түсіруге болады. Қатысушылар дронмен түсірілген кадрларды жердегі түсірілімдермен біріктіре алады. Байқау шарттары бойынша бейнежазбалардың ұзақтығы 30 – 120 секунд аралығында болу керек, олар «Reels» пішімінде (9:16), «Full HD» сапасында түсірілуі тиіс. Файл пішімі – MP4, MOV, – дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, бейнероликтер «Instagram» желісінде #ҰлыДалаЕлі2024 хештегімен «Reels» пішімінде жариялануы тиіс. Міндетті шарт – @kenzhekolzhastary ресми парақшасын белгілеу.

Өтінімдер 20 қазанға дейін +7(705)768-18-50 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданады.