Павлодар облысының тұрғындарын шілдеде аптап ыстық пен найзағай күтіп тұр

Павлодар облысының тұрғындарын шілдеде аптап ыстық пен найзағай күтіп тұр
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер өңір бойынша шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, айлық орташа ауа температурасы +20,7...+22,3°C шамасында болады. Бұл көпжылдық климаттық нормаға сәйкес келеді.

Шілденің алғашқы онкүндігінде түнгі ауа температурасы +9...+19°C, күндіз +21...+31°C аралығында құбылады. Онкүндіктің соңына қарай күннің жылынуы күтіледі.

Екінші онкүндікте түнде +11...+21°C, күндіз +23...+33°C аралығында болады.

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы біршама төмендейді. Кейін қайтадан ысып, түнде +18...+23°C, күндіз +30...+35°C-қа дейін көтеріледі. Ай соңына қарай температура қайта төмендеп, түнде +12...+17°C, күндіз +24...+29°C болады деп болжануда.

Жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Ал өңірдің солтүстік аудандарында нормадан көп жауын түсуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, шілде айында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және секундына 15-20 метрге дейін жететін екпінді жел жиі қайталанады.