Павлодар облысының жас жұбайлары салтанатты неке қиюды жиі таңдауда

Павлодар облысының жас жұбайлары салтанатты неке қиюды жиі таңдауда
Фото: pexels.com/GILBERTO RODRIGUES

Ауылдық жерлерде де өсім байқалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Салтанатты неке қию Павлодар облысы тұрғындары арасында уақыт өткен сайын танымал болуда. Бүгінде бұл жай ғана заңды рәсім емес, отбасы үшін маңызды оқиғаға айналды – жұптар бұл күнді әдемі, мәнді әрі есте қаларлықтай етіп атап өтуді қалайды.

– 2025 жылдың жазғы маусымында аймақта 1673 неке тіркелген – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 11 пайызға көп. Павлодар қаласы дәстүрлі түрде аймақ бойынша көш бастап тұр – үш айда 810 неке, салыстырмалы түрде алсақ 2024 жылы осы кезеңде 667 неке қиылған, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалында. 

Сондай-ақ, Екібастұзда 330 неке тіркелген (2024 жылы – 298), ал Ақсу қаласында айтарлықтай өсім байқалады – 149 неке, былтыр – 111. Ауылдық жерлерде де оң динамика байқалады, бұл ресми неке қиюға деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді. Мысалы, Железин ауданында 2024 жылы – сегіз, 2025 жылы – 21, Ертіс ауданында 2024 жылы – 19, 2025 жылы – 26.

– Салтанатты рәсімдерге деген қызығушылықтың артуы да ерекше назарға лайық. 2024 жылдың жазында облыс бойынша небәрі сегіз салтанатты неке тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш үш есе өскен: маусым айында – 12, шілдеде – 10, тамызда жеті рәсім өткізілді. Жас жұбайлар неке күнін ерекше әрі әсерлі етуге тырысып, әдемі рәсімдерді жиі таңдауда, – деді облыстық филиалда.

Көптеген аудандарда салтанатты рәсімдер мәдениет үйлерінде жергілікті әкімдіктердің қолдауымен өтуде. Бұл шалғай елді мекендерде де мерекелік атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік береді және мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарға, дәстүрді сақтауға мән берілетінін көрсетеді.

Салтанатты тіркеу қызметі жас жұбайларға көптеген мүмкіндіктер ұсынады: залдарды және фотозоналарды безендіру, ұлттық дәстүрлер мен заманауи трендтерді ескеретін жеке сценарийлер, жылы атмосфера және қажет болған жағдайда, мемлекеттік корпорация өкілдерінің қатысуымен шығу рәсімдерін өткізу.

Салтанатты неке қию қызметі ақылы түрде көрсетіледі. Павлодар қаласы мен Павлодар ауданында құны – 20 мың теңге, Ақсу қаласы мен басқа аудандарда – 10 мың теңге.