Павлодар облысының үздік палуаны анықталуда

Павлодар облысының үздік палуаны анықталуда
Фото: Константин Шелков

Жарысқа 20-дан астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Баянтау» спорт сарайында «Қазақстан барысы» республикалық чемпионатына Павлодар облысының іріктеу жарысы өтуде. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 25 палуан қатысуда. 

– Дайындық өте жақсы. Бұйырса облыстық іріктеуден өтіп, Қазақстан барысына қатысамыз. Былтыр республикалық жарыс оңай болған жоқ. Алтын алуға тырысамыз,– дейді қатысушы Мұхтар Дәлелхан.

Еске сала кетейік, былтырғы «Қазақстан барысына» Мұхтар Дәлелхан қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Айта кету керек, аталмыш жарысқа қатысқандардың ең жасы 2003 жылғы болса, ең үлкені 1983 жылғы.