Павлодар облыстық кітапханасына орыс әдебиетінің кітаптары сыйға тартылды
Кітаптарды ТМД елдері арасындағы қор сыйға тартты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Книги в подарок» жобасы аясында орыс классикалық, заманауи, ғылыми және балалар әдебиетінің туындыларын сыйға алды.
- Кітапханамыздың кітап қоры оқырмандарға жақсы таныс және сүйіп оқитын басылымдарымен толықтырылды, - деді облыстық кітапханада.
Жаңа келген кітаптар арасында: А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин», Н.В. Гогольдің «Мертвые души», Ф.М. Достоевскийдің «Идиот», И.Ф. Гетенің «Фауст», Д.Свифттің «Путешествие Гулливера», Д.Дефоның «Приключения Робинзона Крузо», О.Хайямның «Рубайят» және өзге де туындылар бар.
Сонымен қатар, К.Булычев «Девочка, с которой ничего не случится», Н.Абгарян «Манюня, юбилей Ба и другие треволнения», Е. Чарушиннің «Друзья», Братья Гримм «Сказки», Ш.Перро «Волшебные сказки» және т. б. түрлі-түсті кітаптар жас оқырмандарды қуантады.
Фото: С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана