Павлодар облыстық мәслихатына кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Павлодар облыстық мәслихатына кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Фото: Айнура Мухамедьярова

Айнура Мухамедьярова құрамына Мойылды, Жетекші, Екінші Павлодар және бірнеше бау-бақша серіктестігі кіретін №4 бірмандатты сайлау округінің мәселелерін шешуге бағытталған бастамасын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Айнура Абылайқызы Мухамедьярова 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Ол «ӘДІЛЕТ» партиясынан №4 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ретінде округ тұрғындарының мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар бастаманы көтерді. 

№4 сайлау округіне Мойылды мен Жетекші ауылдары, Екінші Павлодардың жеке тұрғын үй аумағы және бірқатар бау-бақша серіктестіктері кіреді.

Айнура Мухамедьярова мемлекеттік қызметте он жылдан астам еңбек еткен. Партияның облыстық филиалында басшының орынбасары қызметін атқарған. 2025 жылдан бері облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі. Қазір өңірде «Ауыл Аманаты» жобасын үйлестіреді.

Кандидат тұрғындармен кездесулер барысында көтерілген мәселелерді бюджетті талқылау және өңірдің даму жоспарын әзірлеу кезінде ескеруді маңызды санайды.

Айнура Мухамедьярова сайлауалды бағдарламасында бірқатар маңызды істерді атқаратынын атап өтті. 

Коммуналдық инфрақұрылым және көлік. Тозған су, жылу және электр желілерін кезең-кезеңімен жаңарту, жолдар мен тротуарларды жөндеу жөнінде ұсыныс енгіземін. Көшелерді жарықтандыру, аялдамаларды жабдықтау, қауіпсіз жаяу жүргінші өткелдерін салу және автобустардың тұрақты қатынауы мәселелерін көтеремін.

Жұмыс және кәсіп. Өз ісін бастағысы келетін тұрғындарға қолдау шаралары туралы ақпарат пен кеңестің қолжетімді болуына ықпал етемін. Отбасылық кәсіпті, ауыл шаруашылығы кооперациясын және жергілікті өнімді өңдеуді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

Денсаулық және білім. Медициналық ұйымдарды мамандармен және жабдықпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету мәселелерін көтеремін. Мектептерді жабдықтау, оларға баратын жолдардың қауіпсіздігі және балаларға арналған спорт пен шығармашылық үйірмелерін дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдаймын.

Тазалық және абаттандыру. Ауа сапасы туралы ақпараттың ашық болуын, қоқыстың уақтылы шығарылуын және заңсыз қоқыс орындарының жойылуын назарда ұстаймын. Көгалдандыру кезінде отырғызылған ағаштардың күтіміне көңіл бөлемін.

Ашық депутаттық жұмыс және кері байланыс. Сайланған жағдайда айына кемінде бір рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарға өтініштерінің қаралу барысын хабарлап отырамын. Жарты жылда кемінде бір рет атқарылған жұмыс туралы есеп жариялаймын. Бюджетті талқылағанда жобалардың дайындығына, шығынның негізділігіне және жұмыс мерзіміне назар аударамын.

Тапсырыс беруші: Айнура Мухамедьярова. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауды өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.