Павлодар полицейлері бизнесмендерге қорғаныс тетіктерін үйретеді

Павлодар полицейлері бизнесмендерге қорғаныс тетіктерін үйретеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары көші-қон қызметі, тергеу және әкімшілік полиция мәселелері бойынша кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

20 маусым күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Атамекен» палатасының өңірлік филиалында кәсіпкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Алдын ала 66-03-11 (ішкі 5518) нөмірі арқылы жазылуға болады.  Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы алаңында мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесіп, жоспарланған тұрақты семинарларда құқық қолдану тәжірибесін талқылауға болады. 

Барлық ақпарат әлеуметтік желілерде уақтылы орналастырылады.