Павлодар-Семей автожолында көлік аударылып қалды
Жол апаты салдарынан бес адам зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар-Семей тас жолындағы Жертұмсық және Қаратоғай ауылдарының ортасында жол апаты орын алды. Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам және 4 пен 7 жас аралығындағы төрт бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта жарақат алған балалар ауруханада ем қабылдауда.
– Жол апаты жайлы хабар 17:45-те түсті. Оқиға орнына қызметкерлеріміз 9 минутта жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алған төрт бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – дейді станцияда.
Айта кету керек, апат орын алған жерде үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасаған.