Қызымды қорқытты: Павлодарда ер адам үйге қарумен баса-көктеп кірді
Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Polisia.kz мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғыны полицияға келіп, қарақшылық шабуылы туралы хабарлаған.
– Белгісіз ер адам Бұқар жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 15 жастағы қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 мың теңгені иемденіп алғаны анықталды, – делінген хабарламада. – ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Арнайы іс-шаралар нәтижесінде «ізін суытпай» облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті.