Павлодар жастарын көңіл көтеруге шақыруда

Павлодар жастарын көңіл көтеруге шақыруда
Фото: pixabay.com / ktphotography

Сауық кешінде қынамен безендіру, дискотека және тағы басқасы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым күні сағат 17:00-де «Chill Fest 2024» іс-шарасы өтеді.

Сіздерді жәрмеңке, музыкалық қойылымдар, шеберлік сыныптары, бет бояуы/мехенди, ұмытылмас дискотека күтеді, – дейді ұйымдастырушылар.

Өтетін орны: қалалық бақ сахнасы.

Кіру тегін.